Қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеу қайта енгізілуі мүмкін

Қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеу қайта енгізілуі мүмкін

Қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеу қайта енгізілуі мүмкін
ашық дереккөзі
50336
Қазақстанда коронавируспен сырқаттануды бағалау өлшемі өзгеріп, жаңа болжам ұсынылды. Соған сәйкес жаздың соңында науқастар саны артуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысты. Онда министр коронавирусқа байланысты алдағы үш айдағы болжамды ұсынды.
«Пессимистік сценарий бойынша, науқастар саны тәулігіне төрт мыңға дейін жетуі мүмкін. Нақты сценарийге келсек, күніне 2,5 мыңға дейін болады. Оптимистік сценарий бойынша, күніне мың жағдайға дейін тіркеледі. Ауру тамыз айында күшейеді, қыркүйек айында және тамыз айының соңында төмендеуі мүмкін», – деді министр.
Сонымен қатар министр «қызыл» аймаққа өткен өңірлерде азаматтардың жүріп-тұруы мен бизнестің жұмысына шектеу қойылатынын айтты. Бұл шаралардың барлығы коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралады. Соңғы аптада ауру көрсеткіші 2,5%-ға өскен. Ең көп жағдай Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелді.  

Серіктес жаңалықтары