Димаш Құдайберген Алматыда алғашқы жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Алматыда алғашқы жеке концертін өткізеді

Димаш Құдайберген Алматыда алғашқы жеке концертін өткізеді
ашық дереккөзі
Әнші Димаш Құдайберген 23 қыркүйек күні Алматыда алғашқы жеке концертін өткізеді. Концерт билеттері онлайн сатыла бастады деп хабарлады turkystan.kz. «Құрметті достар! 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында Stranger атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім.Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін», – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.