Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды

Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды

Алматыда қару-жарақ арсеналы табылды
ашық дереккөзі
Алматыда қару-жарақ арсеналы сақталған тағы бір орын табылды деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері Медеу ауданы аумағынан қару жасырылған орынды тапты.
«Ол жерде қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алмалы ауданындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған Сайга-410К тегіс ұңғылы карабин, ПМ травматикалық тапаншасы, 2 ИЖ тегіс ұңғылы мылтығы, Макаров жүйесі тапаншасының патрондары, 9 мм калибрлі, 12 калибрлі патрондар табылды. Сондай-ақ 7,62 калибрлі патрондар жасырылған. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті.
Аталған дерек Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.