Бейсенбі, 30 Наурыз, 2023

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

«Ақжайық» футбол клубының бас бапкері, украиналық маман Владимир Мазяр қызметінен кетті деп хабарлады turkystan.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

В.Мазярмен келісімшарт ресми түрде үзілген. Оралдық команда В.Мазярға алғысын білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Қазіргі кезде ойыншыларды уақытша қазақстандық маман Алексей Тугушев жаттықтыруда. Ол В.Мазярдың жаттықтырушылар штабында қызмет етті.

Ел біріншілігінде Алматыда «Қайраттан» 0:2 есебімен жеңіліп қалғаннан кейін украиналық маман командадан кететінін мәлімдеген еді. Әйтсе де футболшылармен кездескен соң шешімін өзгертіп, қалатын болған. Онымен іс оңалмады. 8 шілде күні оралдықтар Қазақстан кубогы үшін Қызылорда қаласында өткен ойында бірінші лигада өнер көрсететін «Қайсардан» тағы ұтылды. «Ақжайық» ел кубогы үшін кездесуде 17 шілде күні өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» қабылдайды.

Әзірге лайықты бас бапкер іздестіріліп жатыр.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button