Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада 1-орын алды

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада 1-орын алды

Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада 1-орын алды
ашық дереккөзі
50634
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Шыңғыс Тоқанов XXIX халықаралық «Туймаада» олимпиадасында 1-орынды жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz. semeytany.kz-ке сілтеме жасап. Ресей Федерациясының Якутск қаласында ұйымдастырылған олимпиада математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша өтті. Жас ерекшеліктеріне қарай кіші және үлкен лигаға бөлінген олимпиада да Шыңғыс химия пәні бойынша бақ сынады. «Олимпиадаға Шыңғыс тыңғылықты дайындалды. Түрлі есептерді шығарып, теориялық білімін толықтырды. Ресей, Сингапур, Индонезия, Румыния сынды көптеген алпауыт елдің өрендерімен білім жарыстырған оқушы алғашқы кезеңде күрделі теориялық есептерді шығарса, келесі практикалық кезеңде алдын ала жасалған эксперименттер бойынша қорытынды жасады. Нәтижесінде өзгелерден озып шықты», – дейді жеңімпаздың ғылыми жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Асылбек Оразбеков. Ұйымдастырушылар биылғы олимпиаданы іштей және қашықтан аралас үлгіде өткізуді жөн көрген. Ресейлік жас дарындардан өзге шетелдік оқушыларға қашықтан қатысуға мүмкіндік берілген. Дегенмен бұл олимпиада барысын қадағалауды жеңілдеткен жоқ. Өйткені, әр қатысушы Прокторинг жүйесі бойынша қатаң бақыланды.    

Серіктес жаңалықтары