50744
Әлемде бидай мен ұнға сұраныс артты
Әлемде бидай мен ұнға сұраныс артты
Әлемдік нарықта бидай мен ұнға сұраныс артты деп хабарлады turkystan.kz.
Министрліктің айтуынша, биыл астық шығымы былтырғыдан 15 пайызға жоғары болуы мүмкін. Себебі енгізілген шектеуге және былтырғы құрғақшылыққа қарамастан, нарықта бидай мен ұн экспортының қарқыны сақталады.
«Соңғы 3 жылда ұн мен астық экспортының орташа жылдық көлемі шамамен 9 млн тоннаны құрады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның деректеріне қарағанда, 10 шілдедегі жағдай бойынша астық эквивалентінде 4,9 млн тонна астық пен ұн экспортын құрады. Атап айтқанда, Ресей мен Украинадағы геосаяси жағдайға байланысты әлемдік нарықта бидай мен ұнға сұраныстың артуы өнімге деген экспорттың өсуіне ықпал етті», – деді ведомство өкілдері.