Қазақстандықтар зиратқа қойылатын құлпытастарды несиеге алып жатыр

Қазақстандықтар зиратқа қойылатын құлпытастарды несиеге алып жатыр

Қазақстандықтар зиратқа қойылатын құлпытастарды несиеге алып жатыр
ашық дереккөзі
Қазақстандағы жерлеу рәсімін ұйымдастырушылар өз қызметтерін банк арқылы жүзеге асыруда деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. Мұндай хабарламаны орталықтардың әлеуметтік желідегі парақшаларынан байқауға болады. Онда құлпытастың құнын 24 айға бөліп төлеуге болатындығы жазылған. Редакция тілшісі сондай орталықтардың біріне хабарласып, көрсетілетін қызмет пен тастың құны туралы білді. Орталық қызметкерінің айтуынша, кез келген бағадағы құлпыстасты 24 айға бөліп төлеуге болады.
«Бағасы қандай болса да қарастырамыз. Оны өзіңіз таңдайсыз. Банк осы аптада 3 күн бойы 24 айға бөліп төлеу қызметін іске қосады. Соны пайдалануға болады. Ал басқа кездері біз Kaspi Red арқылы үш айға бөліп төлеуді ұсынамыз. Бағалар әртүрлі. Мәселен, мәрмәрдің стандартты түрі шамамен 152 мың теңгені құрайды. Ал гранит қымбаттау, оның орташа бағасы - 425 мың теңге. Бұл бағалардың ішіне жеткізу, орнатып беру қызметтері де кіреді. Біз әзірге бір ғана банкпен жұмыс істейміз», - дейді оператор.
Қызметкердің мәліметінше, қазір 3 айға бөліп төлеу қызметін пайдаланатын қазақстандықтар саны аз емес. Сондай-ақ, ол үшін клиент банкке бармай, телефондағы қосымша арқылы жүзеге асыра алады.