Ақтөбе - Мәскеу әуе рейсі ашылады

Ақтөбе - Мәскеу әуе рейсі ашылады

Ақтөбе - Мәскеу әуе рейсі ашылады
ашық дереккөзі
Red Wings әуе компаниясы шілдеде Мәскеуден Ақтөбеге ұша бастайды деп хабарлады turkystan.kz.   Red Wings мәліметіне сәйкес, аталған бағытта сыйымдылығы 100 орындық ресейлік SSJ 100 лайнерлері іске қосылады. Рейстер Жуковский халықаралық әуежайынан (Мәскеуден оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым) ұшады. Мәскеу - Ақтөбе рейстері 29 шілдеден бастап, жұма күндері, Ақтөбе - Мәскеу рейстері 30 шілдеден сенбі күндері ұшады деп жоспарланып отыр. Ақтөбе Red Wings Мәскеуден ұшатын Қазақстанның төртінші қаласы болады. Сәуірден бастап әуе компания Жуковскийден Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына, шілдедің басынан бастап Ақтауға рейстер орындайды.