50657
Қазақ боксшылары әлемдік рейтингіде жоғарылады
Қазақ боксшылары әлемдік рейтингіде жоғарылады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингісін жаңартты. Онда Қазақстан боксшыларының рейтингідегі орны жоғарылады деп хабарлады turkystan.kz.
Ауыр салмақта өнер көрсететін боксшы Жан Кособуцкий 15-орыннан 12-орынға көтерілді. Ал орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орыннан сегізінші орынға жоғарылады.
Кособуцкий соңғы жекпе-жекте WBC International белбеуін жеңіп алған еді. Ал Нұрсұлтанов WBO International титулын қорғады.