Байланыс операторларына салынатын айыппұл 10 есе көбейді

Байланыс операторларына салынатын айыппұл 10 есе көбейді

Байланыс операторларына салынатын айыппұл 10 есе көбейді
ашық дереккөзі
50228
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлады turkystan.kz.   Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұған дейін Президент байланыс саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуді, интернет-байланыстың нақты параметрлерінің операторлар мәлімдеген параметрлерден айтарлықтай алшақтығы үшін жауапкершілікті енгізуді және қатаңдатуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі депутаттық корпуспен бірлесіп, операторлардың пайдаланушыларға стандарттарға, техникалық нормалар мен сапа көрсеткіштеріне сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсеткені үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шараларды әзірледі.
«Енді бұзушылықтар анықталған жағдайда байланыс операторлары 100 АЕК орнына 1000 АЕК-ке айыппұл салады, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда айыппұл сомасы 200-ден 1500 АЕК-ке дейін өседі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізген талдау көрсеткендей, байланыс сапасының нашарлығына шағымдар саны 10 есе өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша министрлік 562 тексеру жүргізді (2020 жылы 51 тексеру, ал 2019 жылы 93 тексеру жүргізілді), – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Операторға қатысты байланыстың немесе интернеттің нашар сапасына тексеру жүргізу үшін қазақстандықтар ресми өтінішті Телекоммуникациялар комитетінің (ЦДИАӨМ) не тиісті облыс министрлігінің аумақтық байланыс инспекциясының мекенжайына «электрондық үкімет» порталы, «Е-Оtinish» өтініштер беру жүйесі арқылы не қағаз түрінде жолдаулары қажет. Өтініште шағымның мәнін, байланыс операторының атауын және тексеру жүргізу қажет өтініш берушінің нақты мекенжайын көрсету міндетті. Өтінішті алғаннан кейін прокуратура органдарында тексеруді тағайындау туралы акт тіркеледі. Тексеру барысында көрсетілетін байланыс қызметтерінің сапасы бойынша өлшеулер жүргізіледі. Операторға қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 637-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік хаттама жасалады және лауазымды тұлға белгілеген мерзімге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары