445
Қазақстанда Су-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Қазақстанда Су-27 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
«Бүгін, 21 желтоқсан күні түнгі жағдайда оқу ұшуын орындау кезінде авиациялық қақтығыстың салдарынан Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш майор А. Ысқақов барынша күш-жігерін салып, ұшақты елді мекеннен әрі қарай бұрып жіберді. Одан кейін қарғып түсу әдісін қолданды», делінген Авиациялық қақтығысқа қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесінде.
Қазіргі уақытта ұшқыштың жағдайы қанағаттанарлық. Қақтығыстың себептері мен мән-жайын ҚР Қорғаныс министрі тағайындаған комиссия анықтауда. Майор А. Ысқақовтың күндізгі және түнгі уақыттағы жалпы ұшып өтуі 556 сағатты құрайтынын айта кеткен жөн.