Елімізде ең көп неке қидырған және ажырасу азайған өңірлер аталды

Елімізде ең көп неке қидырған және ажырасу азайған өңірлер аталды

Елімізде ең көп неке қидырған және ажырасу азайған өңірлер аталды
ашық дереккөзі

Елімізде ең көп неке Нұр-Сұлтан қаласында, ал ажырасу Қарағанды облысында тіркелген. Бұл туралы  turkystan.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда 36 145 неке тіркелген. Ауылға қарағанда қалаларда көрсеткіш басым: қалада 28 817, ал ауылда 73 28 неке қиылғаны анықталды. Ең жоғары коэффициент тіркелген өңірлердің үштігіне Нұр–Сұлтан (8,3), Алматы (7,9) және Маңғыстау облысы (6,15) еніп отыр. Ақтөбе облысында некенің ең төменгі коэффициенті тіркелген – 4,74. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында 5 680 ажырасу оқиғасы тіркелді. Ал  2021 жылы бұл көрсеткіш 6 097 болған, яғни төмендеу байқалады. Ажырасу бойынша ең жоғары коэффициент мың адамға шаққанда Қарағанды облысында – 1,33, Павлодар облысында – 1,31 және Шығыс Қазақстан облысында –1,25. Ал ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында, онда мың адамға шаққандағы коэффициент бар болғаны 0,44.