Канеломен жекпе-жек өткізгеннен кейін бокспен қоштаспаймын – Головкин

Канеломен жекпе-жек өткізгеннен кейін бокспен қоштаспаймын – Головкин

Канеломен жекпе-жек өткізгеннен кейін бокспен қоштаспаймын – Головкин
ашық дереккөзі

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жегі мансабына еш әсер етпейтінін айтты, – деп хабарлады turkystan.kz.

– Мансабымды аяқтайтыным туралы айту қиын. Жоғары деңгейдегі боксты көрсете алатынымды сезінгенше жалғастыра беремін. Денем маған "тоқта" деп айтқанша тоқтамаймын. Орта салмақтағы белбеулерім бар, сондықтан алдағы жекпе-жектегі жеңіс немесе жеңіліс қашан зейнетке шығатыныма әсер етпейді. Әңгіме өзіңізге адал болу, денеңізді, ақыл-ойыңызды тыңдау және ол саған қашан "тоқта" деп айтатынын  сезіну туралы болып отыр, – деді GGG Bleacher Report-пен сұхбат барысында.
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді.