Жолаушылар мінген теплоход суға батып кетті

/
Жолаушылар мінген теплоход суға батып кетті
ашық дереккөзі
Жолаушылар мінген теплоход суға батып кетті Татарстандағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Оқиға кезінде 30-дан астам адам құтқарылды деп хабарлады turkystan.kz.  
«10 шілде күні түстен кейін Аракчино маңындағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Жолаушылар катерлер мен қайықтар арқылы құтқарылды», – деп хабарлады тергеу комитеті басқармасының баспасөз қызметі.
Ведомство кемеден құтқарылған 34 жолаушының аман екенін хабарлады. Қазір сүңгуірлер суға батқан кемені тексеріп жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары