Түркістанға келуші шетел туристерінің саны артты

Түркістанға келуші шетел туристерінің саны артты

Түркістанға келуші шетел туристерінің саны артты
ашық дереккөзі
Жыл басынан бері рухани астанаға 1000-ға жуық шет елдік турист келді. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімінің басшысының мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 385 мыңнан астам турист келген. Сонымен қатар баяндамашы шаһардағы инвестиция көлемі артқанын айтты.
«Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда инвестиция көлемі 100,2 млрд теңгеден 115,1 млрд теңгеге артты. Өңдеу өнеркәсібі 6,31 млрд теңгеден 6,62 млрд теңгеге көбейген. Шағын орта бизнеспен айналысатын 2327 тұрғын тіркеліп, 1719 азамат жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Баға тұрақтылығын сақтау үшін 30 әмбебап дүкенде әлеуметтік бұрыш ашылды. Одан бөлек туристерге қызмет көрсету сапасы да жақсарды», – деді «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаев.