50295
Қарағандыда 11 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті
Қарағандыда 11 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті
Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті деп хабарлады turkystan.kz.
Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды. Бала ауыр жарақат алғанымен, аман қалды.
«Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты болғанымен, ауыр халде екенін айтты. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.