Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды

Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды
ашық дереккөзі
Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша іс қозғап, уақытша ұстау изоляторына қамаған болатын.