Жексенбі, 26 Наурыз, 2023

Елімізде тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?

Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5%-ға өсті. Бұл туралы turkystan.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлады.

Жайлы тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы маусым айымен салыстырғанда 21%-ға артты.

«Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында 27,9 %-ға өсті. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласы (48,3%)», – делінген хабарламада.

Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,1%, пәтерлерді қайта сату 0,4%-ға өсті.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button