Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті (ВИДЕО)

Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті (ВИДЕО)

Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Алматыда оқитын үндістандық студент Қапшағайда суға батып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Alataunews.kz. сілтеме жасап. Жерлесінің айтуынша, қаза тапқан студент Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде білім алған. Суға бата бастағанда достарын көмекке шақырған. Алайда оны ағыс судың ортасына қарай алып кеткен. Бас-аяғы жарты сағат шамасында судың толқыны мәйітті жағаға шығарып тастаған. Қайғылы оқиға орнында құқық қорғау органдары мен Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жүр. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайды.