50277
Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді
Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді

Кеше Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты деп хабарлады turkystan.kz.
Қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілде күні елордада 78 бала өмірге келді. Олардың 46-сы - ұл, 32-сі - қыз бала. Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін жүргізілді.