50305
Бибісара Асаубаева халықаралық додада жүлделі орын алды
Бибісара Асаубаева халықаралық додада жүлделі орын алды
Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Сербияда өткен Serbian Chess Open-2022 турнирінде үшінші орын алды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Олимпиада алдында жақсы шыңдалдым. «Сербия опен» турнирінде әйелдер арасында 3-ші орын алып, шахматтағы рейтингім өсе түсті. Енді сүйікті бапкерлерімнің ең мықты жиынына жол тартамын», – деген Асаубаева жанкүйерлеріне алғыс айтты.Сондай-ақ ол барлық қазақстандықтарды Елорда күнімен құттықтады.