Елорданың қақ ортасында әуе шары құлады (ВИДЕО)

Елорданың қақ ортасында әуе шары құлады (ВИДЕО)

Елорданың қақ ортасында әуе шары құлады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

6 шілдеде Нұр-Сұлтанда адамдар мінген әуе шары құлады. Оқиға қаланың қақ ортасындағы Нұржол желекжолында болды деп хабарлады turkystan.kz  «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. Көкте қалықтаған шарда бірнеше адам болған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді. Қатты жел әсерінен шардың жерге құлап барып, қонғаны байқалады. Маңайдағы адамдар дереу көмекке ұмтылған. 112 қызметіне бұл жайтқа қатысты ешқандай қоңырау түспеген. Бұған дейін қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 6 шілдеде дауыл тұруы мүмкін екенін ескерткен еді.