50318
Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан ерлі-зайыпты қаза тапты

Алматы облысында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың кішкентай баласы мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz.
Жол апаты 6 шілдеге қараған түні Іле ауданы аумағында болған.
Өңір полициясы көліктер Байсерке-Қараой тас жолының 26-шақырымында соқтығысқан. Алдын-ала мәлімет бойынша, жол апатына қарсы жолаққа шығып кеткен 32 жастағы Volvo жүргізушісі кінәлі.
"Mercedes Benz салонында болған ер адам мен әйел қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған үш адам, оның ішінде 4 жасар қыз ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.