Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты

Әлемде соңғы тәулікте 400 мыңға жуық адам індетке шалдықты
5 шілдеде әлемде коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны 555 339 003-ке жетті деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді.
Соңғы тәулікте індетке шалдыққандар саны 392 985 адамға өсті.
Әлемде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 362 674 адамды құрайды, сонымен қатар бүгін 525 өлім дерегі тіркелді», – деді ведомство өкілдері.
5 шілдедегі жағдай бойынша 530 103 542 адам вирустан толық сауығып шықты.