50680
Елордада құрбан шалу орындары белгіленді
Елордада құрбан шалу орындары белгіленді
Қасиетті мерекенің алғашқы күні таңертеңнен бастап елорда мешіттерінде Айт намазы оқылады. Бұл туралы қалалық дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов онлайн брифингте айтты деп хабарлады turkystan.kz.
9 шілде күні қала мешіттерінде Айт намазы оқылады. Нұр-Сұлтанда бекітілген мал сою орындарында құрбандық шалу сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін өтеді.
Мал сою үшін мына орындар белгіленді:
Байқоңыр ауданы бойынша:
«Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С 313 көшесі («Шарын» базарының арт жағы);
- «Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арт жағы);
- «Шопан ата» базары, («Рубиком» және Әмір базарының ортасы);
- «Баракат» базары, А 369 көшесі, №10 ғимарат.
- «Шәушен» шаруа қожалығы, Алаш тасжолы, 136 Б;
- «Темеш» шаруа қожалығы, Айналма жол, 229, 1а.
- «Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).