Ыстамбұлда Еуропа мен Азияны жалғайтын туннель ашылды

Ыстамбұлда Еуропа мен Азияны жалғайтын туннель ашылды

Ыстамбұлда Еуропа мен Азияны жалғайтын туннель ашылды
ашық дереккөзі
313
Ыстамбұлда «Еуразия» туннелі ашылды. Бұл жоба суасты жолдарымен Ыстамбұлдың Еуропа мен Азия бөліктерін байланыстырады. Оның ашылу салтанатына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, премьер-министр Бинали Йылдырым мен шет елден келген қонақтар қатысты, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түркия президенті «Еуразия» туннелі Ыстамбұлдың Еуропа мен Азиядағы бөліктерін жалғайтынын айтты.

«Автокөлік туннелінің фундаменті Ыстамбұлдың Азиядағы бөлігінде қаланған болатын. Ал ашылу салтанаты Еуропа жерінде өтіп жатыр. Бұл туннельдің ашылуы өте маңызды оқиға», - деді президент.

Режеп Ердоғанның айтуынша, жыл соңына дейін туннелдегі жол ақысы 15 түрік лирін құрамақ. Еуразиялық автокөлік туннелінің арқасында Казлычешме және Гозтепе аудандары мен Ыстамбұл арасындағы уақыт 90 минуттан 15 минутқа қысқарады.

Бұл теңіздің астында осындай тереңдікте салынған алғашқы туннель. Құрылыс жұмыстары Босфор түбінде  106 метр тереңдікте жүргізілген. Ұзындығы 14,6 километр болатын жолдың 3,4 километрі теңіз түбінен өтеді. Жобаның жалпы құны 1,25 миллиард долларды құраған.

Серіктес жаңалықтары