353
Үндістан Тәжікстан өзеніне үш ГЭС салады
Үндістан Тәжікстан өзеніне үш ГЭС салады
Үндістан мен Тәжікстан Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Чабахар порты арқылы жүк тасымалдау мен сауданы дамытуға келісті. Үндістан компаниясы таяу арада Оби Хингоб және Фондарё өзендеріне үш ГЭС салуды бастайды.
Бұл келісімдерге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Үндістанға сапары кезінде қол жеткізген. Тәжік президентінің Нью-Делиге сапары 16-18 желтоқсан аралығында болды.
Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Тәжікстан мен Үндістан Чабахар иран порты арқылы жүк тасымалдап, сауда-саттықты дамыту жөнінде келісімге қол қойды деп мәлімдеді. Сонымен бірге терроризмен және ақшаның ізін жасыруға қарсы күресті нығайтуға келіскен. Бұл жөнінде Iran Daily жазады. Чабахар порты Үндістан үшін Ауғанстанға және Орталық Азия елдеріне тауар тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сапар барысында Эмомали Рахмон Khoday Group of Industries үнді компаниясымен Оби Хингоб және "Фондарё" өзендеріне "Нуробод-1", "Нуробод-2" гидроэлектр станцияларын салу жөнінде сөйлескен. Нысандардың қуаты 1055 МВт болады деп күтіледі.
Тәжік экономисті Алмос Сайфуддиновтың сөздерінше, Үндістан соңғы он жыл бойында Душанбеде ГЭС салуға ұмтылған. Бұл мәселе инвестиция жетіспеушілі салдарынан бірнеше рет кейінге қалдырылған.