Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы екі-үш күнде ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
50305
«Қазгидромет» 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.    5-6 шілдеде солтүстік-батыс, орталықта нөсер жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Бұршақ жаууы мүмкін. 7 шілдеде батыста жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашын толастайды. Ауа температурасының күндіз батыста +18+26°С-тан +23+31°С-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23°С-тан +20+28°С-қа дейін жоғарылайды. Маңғыстау облысында +31 градусқа дейін ыстық болады. Ал елдің орталығында +20+28°С, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33°С, шығыста ауа температурасы +22+29°С, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33°С, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37°С-тан +25+33°С-қа, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33°С дейін көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары