Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды

Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды

Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды
ашық дереккөзі
50413
Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында Талдықорғанда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген.
«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам, ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) жарық дүние есігін ашқан кішкентай бала екен», – деді куәгер.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз. Айта кетсек, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7-шағынаудандағы 17-үйдің қоқыс төгетін жәшігінен табылды.

Серіктес жаңалықтары