Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген

/
Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген
ашық дереккөзі
Екібастұзда жалған полицейлер тұрғындардың атына кредит рәсімдеген Павлодар облысының Екібастұз қаласында полиция қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жасады деген күдікпен 3 адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Олардың бірі – тонау қылмысы үшін бұрын сотталған Павлодар қаласының тұрғыны. Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет еткен: көшедегі азаматтарға өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құжат тексеріп жүрміз деп алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол кредит ресімдеген.
«Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді», – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Осы фактілер бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) және 390-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары