«AMANAT»: 2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін орындады

«AMANAT»: 2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін орындады

«AMANAT»: 2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін орындады
ашық дереккөзі
50327
Ұлттық домбыра күні қарсаңында «AMANAT» партиясының  Жастар қанаты республикалық «Dombyra party» акциясын ұйымдастырды. Бүгінде еліміз бойынша 2500-ден астам домбырашы қазақ күйлерін орындады. Акцияға «Алтын домбыра» өнер орталығының 200-ден астам оқушысы елорда төрінде қосылды.  width= Бас қалада өткен акцияда «Алтын домбыра» өнер орталығының шәкірттері «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Әке толғауы» сияқты шығармаларды орындады. Сондай-ақ, өнер орталығының жетекшісі Ибрагим Ескендір жас домбырашылармен бірге «Көк тудың желбірегені» композициясын акапелла түрінде айтты.  width= Шара барысында ұйымдастырушылар «Қасиетті домбыра» атты ауқымды байқау бастау алатынын айтты.
«Бұл акция халық арасында ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі болып саналатын көне музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған. Домбыра – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, қазақ мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Осы алаңды пайдалана отырып, біз «Қасиетті домбыра» республикалық байқауының басталғаны туралы жариялаймыз» - деп атап өтті партияның жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.
Байқау 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 16-35 жас аралығындағы жастар арасында өтеді. Ол өтінімдерді қабылдау, офлайн тыңдау және финал болып үш кезеңнен тұрады. Өтінімдер 31 шілдеге дейін қабылданады.  width= Байқау туралы толық ақпаратты жастар ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.

Серіктес жаңалықтары