Қазақстандағы күмәнді қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды

Қазақстандағы күмәнді қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды

Қазақстандағы күмәнді қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еліміздегі жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдар мен күмәнді қаржы пирамидаларының тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Мұндай ұйымдардың өз бетінше және делдалдарды тарта отырып, немесе жоғары табыс төлеуге уәде бере отырып, олардың атынан басқа адамдар әрекет ететін ақша тарту жөніндегі қызмет белгілері болады. Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініш-шағымдарын қарау, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарын білдіретін қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде жасалған. Қазіргі уақытта тізімге 154 субъект кіреді. Тізімге сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/318075?lang=kk Тізімдегі субъектілердің қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс. Тиісінше, клиенттердің оларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Осыған байланысты агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасау Қазақстан азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылу қаупіне алып келуі мүмкін. Тізімді жариялау қолданыстағы алаяқтық схемалар мен жалған активтер туралы халықтың хабардар болуын арттыруға, тұтынушыларға осындай компанияларға салымдар бойынша шығын алудың жоғары тәуекелі туралы уақтылы ескертуге, осылайша алданып қалу ықтималдығын болдырмауға мүмкіндік береді.