406
Британия ЕО Кедендік одағында қалуы мүмкін
Британия ЕО Кедендік одағында қалуы мүмкін
Британия Еуропалық Одақтан шыққанымен Кеден одағынан шықпауы мүмкін, дейді Британияның халықаралық сауда министрі Лиам Фокс. Бұл туралы Haberler басылымы жазады.
BBC арнасына берген сұхбатында Лиам Фокс Британия билігінің қазіргі тадңа ЕО-мен өзара қатынасты өзгертуді қарастырып жатқанын айтты. Одақтан шыққанымен британдықтар сауда қатынасын үзбейді.
Министрдің айтуынша, елдің одақтан шығуы сырттай қарағанда жеңіл болғанымен, іс жүзінде өте күрделі.
Фокс өзінің жек басының одақпен еркін сауда айналымын сақтауды жөн көретінін жасырған жоқ.
Ертеректе Британия үкімет басшысы Тереза Мэй елдің одақтан шыққанына қарамастан, тараптардың жақсы қатынаста болатынын айтқан еді.