50472
Атырауда құстар қырылып жатыр
Атырауда құстар қырылып жатыр

Атырауда 17 маусым күні Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен алаңы маңайынан және «Ақжайық» табиғи резерваты аумағынан «қарабас шағаланың» 1000-ға тарта өлексесі табылды деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сілтеме жасап.
Ал бүгін оның саны 5 мыңнан асты. Бір таңқаларлығы, қырылып жатқан тек шағалалар екен. Басқа құстардан қандай да бір ауру белгілері анықталмапты. Осыған орай, Елордадан арнайы орнитолог мамандар шақырылды. Өлген шағалалардан сынама алынып, зертханаға жіберілді.