Нұрсұлтандық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі (ВИДЕО)

Нұрсұлтандық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі (ВИДЕО)

Нұрсұлтандық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50600
Елордалық полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі жеткізумен және сатумен айналысатын адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді деп хабарлады turkystan.kz.         Есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 37 жастағы күдікті ұсталды. Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу барысында оның гараждағы автокөлігінен салмағы 40 келі «марихуана» есірткі заты бар екі пакет тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары