Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді

Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді

Алматыда жолаушылар троллейбусы өртенді
ашық дереккөзі
50252
Алматыда Жандосов пен Алтынсарин көшелерінің қиылысында жолаушылар троллейбусы өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Өртеніп жатқан троллейбустың видеосы әлеуметтік желіде тарады. «АлматыЭлектроТранс» ЖШС-нің мәліметінше, жүргізушіден №12-ші троллейбустың өртенгені туралы хабарлама сағат 14.55-те түскен. «Көліктің төбесі жанды (төменвольтты зарядтау құрылғысы). Жүргізуші өрт сөндірушілер келгенше, өртті өзі сөндіріп үлгерді. Кейін троллейбусты паркке сүйреп әкетті. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады компаниядан.

Серіктес жаңалықтары