«Ер адамдарды қару алуға рұқсат құжаты болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды», делінген хабарламада.«ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабына сай «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр», деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы Қанат Жүсіпов.
Семейлік азамат өз үйінде мина жасырған

Семейлік азамат өз үйінде мина жасырған
Өскемен тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен мен Семейдің екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz.
Жедел ақпаратты алған ШҚО бойынша ҚАЖД 156/1 ОВ қызметкерлері оны полиция қызметкерлеріне тапсырды. Бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы қолдануға арналған минаны жасырғаны анықталды.
Сонымен қатар ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгісінің тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапты.