Тұрар Рысқұлов ауданында диқандар егінді жинауға кірісті

Тұрар Рысқұлов ауданында диқандар егінді жинауға кірісті

Тұрар Рысқұлов ауданында диқандар егінді жинауға кірісті
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының диқандары алқаптардан өнім жинауға кірісті деп хабарлады turkystan.kz аудан әкімінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап. Аймақта алғашқы болып егінге орақ салған «Ернар» және «Мақпал» шаруа қожалықтары бітік өскен масақты дақылдардан жиналған биылғы дәнді жинап алуға кірісті. Алғашқы орақ салу шарасына аудан әкімі Ерболат Садырқұлов қатысып, астықтың мол болуына тілектестік білдірді.
 «Егіншілік – ежелгі кәсіп, еңбекшіге – нәсіп» дегендей, биылғы жиын-терім науқаны мерзімінен кешікпей басталды. Ендігі міндет орылған дәнді қамбаға жинап, игілікке жарату болып тұр», - деді аудан әкімі.
 width= Биыл ауыл шаруашылығы аудан бойынша 136 671 гектарға дақылдар сепкен. Оның ішінде күздік бидай – 55 200 гектар болса, 53 073 га жаздық арпа. Айта кетсек, Т. Рысқұлов ауданында жыл сайын ауылшаруашылық техникалары жаңаланып, науқанға сай дайындықпен кіріседі. Нәтижесінде, қамбаны астыққа толтырып, шаруашылық диқандары аудан мерейінің үстем болуына үлес қосуда. Қазіргі күні өңір диқандары ауа райын пайдаланып, ырыс дәнін бастыруда. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, шығымы жақсы. Басты мақсат – жауын-шашынға ұрындырмай астықты уақытында орып алу. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Қуатты техника мен жанар-жағармай да жеткілікті.  width=