50571
ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті
ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті

22 маусым Шығыс Қазақстандағы Серебрянск қаласының маңында жүк пойызы рельстен шығып кетті деп хабарлады turkystan.kz өңірдегі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көкжиек-Күмістау темір жол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді» делінген ақпаратта.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы дерек жоқ.