«2022 жылдың бірінші тоқсанында отандық өндірушілер халық сұранысының тек 4,2%-ын ғана қанағаттандырған. Яғни, бүкіл нарық импортқа тәуелді деуге болады. Қаңтар-наурыз аралығында елге сырттан 6,9 млн жұп аяқ киім әкелінген. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 2,6 есе аз», делінген ақпаратта.2022 жылдың мамыр айындағы қорытындысы бойынша, аяқкиім бағасы 9,7%-ға өскен. Өңірлердегі қымбаттау деңгейі әртүрлі. Қостанай облысында 4,9% болса, Маңғыстау облысында 19,5% өскен. Бір жыл ішінде балалар аяқ киімі 14,2%-ға, әйелдер аяқ киімі 8,8%-ға, ерлер аяқ киімі 7,9%-ға қымбаттады.
Елімізде балалар аяқ киімі 14% қымбаттады

Елімізде балалар аяқ киімі 14% қымбаттады
Еnergyprom.kz мәліметіне қарағанда, бір жыл ішінде Қазақстанда аяқ киім бағасы 10%-ға қымбаттаған деп хабарлады turkystan.kz.
2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 546 мың жұп аяқ киім шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 13,3% аз.
Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы алда тұр. Мұнда 253,3 мың жұп аяқ киім өндірілген. Одан кейін Жамбыл (73,4 мың жұп) және Алматы (57,9 мың жұп) облыстары тұр.