5 жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты

5 жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты

5 жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты
ашық дереккөзі
Бес жасар қыз кітап жазып, әлемдік рекорд орнатты деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап. UPI басылымының мәліметінше, ұлыбританиялық Белла Джей Дарк бес жасында кітап шығарған. Ол осылайша әлемдік рекорд орнатты. Белла - өз туындысын мыңнан аса данамен сатқан ең жас қаламгер. Бұл көрсеткіш - рекорд ретінде тіркеудің басты шарты. Кішкентай қыз кітаптағы оқиғаны өз бетінше ойлап тауып қана қоймай, «Жоғалған мысық» деп аталатын кітабына арнап суреттер салған.
«Жолдасым екеуміз оны мақтан тұтамыз. Бұл - жоғалған мысық туралы және оның анасыз жүруге болмайтыны жайлы оқиға желісі. Менің ойымша, оның мағынасы жақсы», – деді қыздың анасы Челси Сайм.