50237
Колумбияның жаңа президенті сайланды
Колумбияның жаңа президенті сайланды
Жексенбі күні Колумбияда өткен президенттік сайлауда Густаво Петро жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Петроға сайлаушылардың 50,46 пайызы дауыс берген.
Оның қарсыласы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы билеушілер лигасы» саяси қозғалысының өкілі Родольфо Эрнандеске 47,28 пайыз дауыс берген. Дауыс берушілер халықтың 58,6 пайызын қамтыған.
Сонымен қатар Франсиа Маркес вице-президент болатыны белгілі болды.