БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды

БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды

БҚО-да 4 жасар баланы тоқ ұрып, екі қолынан айырылды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылында 4 жасар баланы тоқ соғып, салдарынан бүлдіршін екі қолынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Ол электр станциясының аумағына кіріп кеткен. Бала облыстық ауруханаға жедел жеткізілді. Алайда жарақаты ауыр болғандықтан, дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды. Зардап шеккен Аманжол Сисенғалиев отбасындағы төрт баланың кішісі. Мамандар жағдайы орташа ауыр деп бағалап отыр. Қазір еріктілер қор құрып, балаға протез алу үшін қаражат жинауға кірісті. Айта кетсек, аймақта электр тораптарының 83 пайызы әбден ескірген. Тозған желілер жиі үзіліп, адамға да, малға да қауіп төніп тұр. Ал тұрғындар сала мамандары салғырт деп ашынады. Оқыс жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.