Қазақстандық ауыр атлет Надежда Ли Мексикада жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 64 келіге дейінгілер арасында сынға түскен 15 жастағы отандасымыз қос сайыс қорытындысы бойынша 190 (85+105) келіні бағындырды. Колумбиялық Ингрид Ванеса Сегуро Груесо (94+117) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді. Ал Венесуэладан келген Кейли Каролина Сильва Фернандез (84+103) болса қола жүлдені қанағат тұтты.
Жүктелуде...