Шахматтан «AMANAT CUP» республикалық турнирі өтеді

Шахматтан «AMANAT CUP» республикалық турнирі өтеді

Шахматтан «AMANAT CUP» республикалық турнирі өтеді
ашық дереккөзі
50695
22 маусым сағат 11:00-де елордадағы «Бәйтерек» монументі алаңында шахматтан «AMANAT CUP» бірінші республикалық турнирі ұйымдастырылады деп хабарлады turkystan.kz. Турнирдің форматы швейцария жүйесі бойынша өтеді. Сайысқа Жансая Әбдімәлік, Дәрмен Сәдуақасов және Бибісара Асаубаева бастаған қонақтар келеді. Турнир барысында қолтаңба-сессиясы өтеді деп жоспарланған.
«Қазіргі уақытта біздің еліміз ең үздік шахматшылармен танымал – Жансая Әбдімәлік, Дәрмен Сәдуақасов, Динара Сәдуақасова және Бибісара Асаубаева. Сондықтан мұндай турнирдің басталуы жастар мен балалар арасында шахмат спортын насихаттау және дамыту үшін уақтылы болып табылады. Айта кету керек, «AMANAT CUP» шахматтан бірінші турнирі балалар жылына орайластырылған», - дейді Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.
Турнирге 8 жастан 35 жасқа дейінгі 2-ші және одан жоғары разряды бар 200 жас шахматшы қатыса алады. Ол үшін Жастар қанатының Instagram @jas_otan ресми парақшасында тіркеуден өту қажет. Турнир ФИДЕ рейтингісін есептей отырып, швейцарлық жүйе бойынша өткізіледі. Қатысушылардың жеребесі Swiss Manager бағдарламасын қолдану арқылы өткізіледі. Сондай-ақ, турнир жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен, медальдармен және кубоктармен марапатталады. Бірінші орын үшін жүлде қоры екі санат бойынша 1 000 000 теңгені құрайды. Турнирдің толық ережелерімен @JasOtanTelegramm каналынан таңыса аласыздар.

Серіктес жаңалықтары