Эквадорда үкіметке қарсы шеру ұйымдастырылды

Эквадорда үкіметке қарсы шеру ұйымдастырылды

Эквадорда үкіметке қарсы шеру ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
50414
Эквадорда үкіметтің Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) қатысты саясатына қарсы наразылық акциясы өтті деп хабарлады turkystan.kz. Эквадор ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел президенті Гильермо Лассоның шешімдеріне наразылық білдірген шерушілер таңертең Чимборазо, Котопакси, Пастаса, Напо және Тункурагуа провинцияларында жолдарды жауып тастаған. Эквадордың байырғы халықтары конфедерациясының (CONAIE) басшысы Леонидас Иза үкімет талаптарды орындаудан бас тартқан жағдайда елдегі ең ірі үнді ұйымы жалпы ереуіл жариялауға дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үкіметке он талап жолданған.
«Үкімет ХВҚ-ның емес, халықтың талабын орындауы керек. Халық биліктің өз ұстанымын тану әрекетін қабылдамайды», - деді ол.
Шерушілер ел астанасы Китоға апаратын жолдарды уақытша жауып тастады. Наразылық акцияларына 53-тен астам ҮЕҰ қатысты. Эквадорда үкіметке қарсы акциялар өткен жылдың соңында басталған еді. Еске салсақ, былтырғы 27-28 қазанда үкімет пен президент резиденциясы – Каронделе сарайына жүздеген демонстранттар жиналған болатын. Тәртіпсіздіктер кезінде сегіз полицей жараланды, 37 адам ұсталды.

Серіктес жаңалықтары