«Биыл мұндай 3 жағдай тіркелген. Былтыр 10 бала терезеден құлап, оның екеуі қаза тапты. Осы себепті жаз бойы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізеді», - деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түймебаев.
Төртінші қабаттан құлаған 3 жасар бала аман қалды

Төртінші қабаттан құлаған 3 жасар бала аман қалды
Қызылордада 3 жасар сәби төртінші қабаттан құлап, аман қалды деп хабарлады turkystan.kz қалалық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.
Облыс орталығындағы «Арай» мөлтек ауданында 3 жасар сәби 4-қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы. Оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кейінгі жылдарда қалада балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлап кету жағдайы жиі тіркелуде.