Қуат Хамитов қазақ футболы жайлы пікір білдірді

Қуат Хамитов қазақ футболы жайлы пікір білдірді

Қуат Хамитов қазақ футболы жайлы пікір білдірді
ашық дереккөзі
50869
ММА файтері Қуат Хамитов спорт комментаторы әрі журналист Ербол Қайыровтың сыни пікіріне қарсы жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақ футболы халықтың ақшасына қол салмай, өз күшімен жеңгенде ғана өмір сүреді» деп жазды Қуат Instagram желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін қазақстандық танымал спорт журналисі Ербол Каиров Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы кезекті жеңісінен кейін ММА файтері Қуат Хамитовке қарата жазба жариялағаны туралы жазған едік.
«Футбол Қазақстанда дамиды және дами береді» деп жазғаным есіңде ме? Қазақстан өз тобында бірінші орында тұр, ал сен әлеуметтік желіде әлі үнсіз отырсың. Соңғы рет қашан жеңіске жетіп едің және келесі жекпе-жегің қашан өтеді?», – деді сөзін Қуат Хамитовке қарата айтқан спорт журналисі.

Серіктес жаңалықтары