Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапары туралы СІМ пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапары туралы СІМ пікір білдірді

Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапары туралы СІМ пікір білдірді
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапарына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. Тілеуберді Сыртқы істер министрлігі бұл сапарға дайындық жасамағанын атап өтті.
«Алдағы сапар жайлы Сыртқы істер министрлігіне ескертудің қажеті жоқ. Бұл тікелей тұңғыш Президенттің кеңсесі мен Ресей президенті әкімшілігімен келісіледі», – деді министр Үкімет кулуарында.
Оның айтуынша, министрлік кездесуде қандай мәселелер талқыланғанынан бейхабар.
«Ресей президентімен кездесуге тыйым салынған жоқ қой. Оның үстіне, екеуі бұрыннан келе жатқан достар», – деді Тілеуберді.
Еске салсақ, 13 маусымда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Назарбаев Путинді Ресей күнімен құттықтады. Сондай-ақ олар екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тағы оқи отырыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті