Қырғыз елінде өткен матч кезінде футбол жанкүйерлері президенттен ойынға арналған жаңа алаң салып беруді сұрады деп хабарлады turkystan.kz. 11 маусым күні Азия Кубогы - 2023 іріктеу кезеңінде Қырғызстан мен Мьянма құрамалары матч өткізді, оны тамашалағандар арасында Садыр Жапаров болды. Ойын барысында түсірілген видеода көрермендердің мемлекет басшысы жайғасқан VIP-орындардың жанынан жаңа алаң салып беруді талап еткен дауысы естілді. Айта кетсек, Садыр Жапаров былтыр қырғыз азаматтарына халықаралық стандарттарға сай болатын алаңды 2022 жылы салуға уәде берген.
Жүктелуде...